18 Окт 2025, Сб

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА СҮТ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешені еліміз бойынша жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Мемлекеттік қолдау мен жекеменшік сектордың белсенді инвестицияларының арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Осы үрдістің аясында Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылында жаңа «Neo Milk» зауыты іске қосылды. Кәсіпорын ешкі мен бие сүтін терең өңдеуге маманданған