19 Окт 2025, Вс

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Аппараттық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі баяндаманы облыс әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әлібек Аманбай жасады. Басқарма басшысы өңірдегі елді мекендердің бас жоспарлармен қамтамасыз етілуі және оларды цифрландыру жұмыстарының барысы туралы баяндап, бірқатар аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің жұмысындағы олқылықтарды атап өтті.