20 Окт 2025, Пн

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМ КҮНІНЕ ОРАЙ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күні. Бұл атаулы күн — саяхаттауды сүйетін жандар үшін ғана емес, бүкіл туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген кәсіби ұйымдар үшін де маңызды мейрам. Осы айтулы күн аясында Жамбыл облысының Жуалы ауданында ерекше туристік іс-шара — «Көксай – Жүрегіне» атты фестиваль ұйымдастырылды.Табиғаты көркем, тарихы бай бұл өлкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар мен туристер жиналды. Фестиваль аясында қатысушылар ұлттық дәстүрмен сусындап, табиғат аясында тынығу мүмкіндігіне ие болды.