Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында халықаралық ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі – заманауи қант зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін жаңғыртуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған стратегиялық маңызы бар қадам.