26 Сен 2025, Пт

«ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ» СҰЛУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«Анаға тағзым» орталығында «Әйелмен әлем әдемі» атты сұлулық фестиваль-байқауы өтті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы мен Еңбек күніне орай ұйымдастырылып, нәзік жандылардың кәсіби шеберлігін дәріптеуді, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ананың рөлін насихаттауды мақсат етті.