Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Жамбыл облысынан осы күзде мерзімді әскери қызметке мың жеті жүзге жуық жас жігіт аттанады. Бұл санның төрттен бірі облыс орталығы – Тараз қаласына тиесілі. Кейбірі Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға SMS-хабарлама арқылы келсе, енді біреулері шақыру қағазы бойынша келеді.