Бүгін Тараз қаласы, «Құмшағал» тұрғын алқабында заманауи мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қала тұрғындары үшін ерекше маңызы бар бұл шара Қала күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Жаңа мәдениет ошағының ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған арнайы қонақтар, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.