23 Сен 2025, Вт

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Меркі ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында ауқымды түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Іс-шаралар аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, қазіргі таңда аудан бойынша 4 мобильдік топ құрылып, барлық білім беру мекемелерін аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.