Жамбыл облысында жасөспірімдер арасында есірткінің таралуына байланысты алаңдатарлық жағдай сақталуда. Аймақ билігі мен қоғамдық ұйымдар бұл қауіптің алдын алу шараларын күшейтіп жатыр. Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының деректері бойынша, жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 395 факт анықталған. Осыған байланысты Таразда «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.