22 Сен 2025, Пн

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Соңғы күндері Жамбыл облысында буллинг, кибербуллинг, жасөспірімдер арасындағы суицид және ұрып-соғу фактілері күрт көбейді. Соңғы екі апта ішінде үш оқушы қайғылы жағдайда өмірден өтті. Бұл жайттар қоғамды тағы бір мәрте ойландырды: өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығы — күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселеге айналып отыр.