Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен құқық қорғау органдарының өкілдері И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында жасөспірімдермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты азайту. Шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.