Бүгін «Тілдерді оқытудағы инновациялық және интерактивті әдіс-тәсілдер» атты республикалық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлердің біліктілігін арттыру және озық тәжірибемен бөлісу. Семинарға еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар, тіл орталықтарының оқытушылары мен мамандары қатысты.