12 Сен 2025, Пт

ДРОППЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ЖАЗА: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Қыркүйектің 16-сынан бастап елімізде интернет-алаяқтықтың кең таралған бір түрін — дропперлік әрекетті қатаң жазалайтын заң күшіне енеді. Жаңа 232-1-бапқа сәйкес, алаяқтарға көмектесіп, өз картасын, деректерін немесе банк қосымшасын пайдалануға бергендер 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеп, тіпті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, Азаматтық кодекстің 953-бабы бойынша, жәбірленушіге келген шығынды толық өтеуге міндеттеледі.