Кинологиялық қызмет – құқық қорғау органдарының сенімді көмекшісі. Ағымдағы жылдың басынан бері ЖО полиция департаментінің кинологиялық қызметіндегі қызметтік иттер 91 қылмыстың ашылуына жәрдемдесті. Аталған қылмыстардың 72-сі есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты. Нәтижесінде шамамен 280 келі тыйым салынған зат тәркіленді. Бүгін біздің түсірілім тобы ЖО ПД кинологиялық орталығында болып, қызметтік иттердің жұмыс барысымен танысып, олардың тәжірибелік дағдыларын өз көзімен көріп қайтты.