12 Сен 2025, Пт

ОБЛЫСТЫ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ

Қазіргі таңда Жамбыл облысында сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда. Облыс аумағындағы 247 автогаз құю бекеті мен 7 газ толтыру станциясы тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Бүгінгі брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исабаев өңірді сұйытылған газбен қамтамасыз етудегі ағымдағы ахуал туралы баяндама жасады.