12 Сен 2025, Пт

«ӘКЕЛЕР МЕН БАЛАЛАР» СЕРИАЛЫНЫҢ КАСТИНГІ АЯҚТАЛДЫ

Тараз қаласында «CODЕ44» киностудиясы түсіретін «Әкелер мен балалар» атты жаңа телехикаяға кастинг жалғасуда. Іріктеу үрдісі 6-7 қыркүйек күндері жүргізіліп, қорытынды кезеңі бүгін, 10 қыркүйекте Облыстық драма театрының сахнасында өтті. Іс-шара кинематографияда өздерін танытқысы келетін көптеген жас актер мен талантты жастарды жинады.