12 Сен 2025, Пт

ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстан Президентінің халыққа жолдаған жаңа Жолдауы кең ауқымды форматта талқыланды. Кездесудің басты назарында – жастардың рөлі мен еліміздегі жасанды интеллекттің дамуы болды. Шараға студенттер, оқытушылар мен сарапшылар қатысып, Мемлекет басшысының негізгі бастамаларын жан-жақты талдады. Қатысушылардың ортақ пікірінше, 2025 жылғы Жолдау – ел тарихында жаңа парақ ашып, жастарды өзгерістердің қозғаушы күшіне айналдырады.