Таразда «Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға арнайы полиция бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қызметкерлері, облыстық дағдарыс орталығының мамандары, білім басқармасының өкілдері және отбасы институтын қолдау орталығының мамандары қатысты.