19 Окт 2025, Вс

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығының деңгейін бағалау үшін Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері Тараз қаласына келді. Бірінші болып күш, төзімділік және жылдамдық бойынша спорттық сынақтарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының әскери қызметшілері тапсырды. Одан кейін Тараз гарнизонының басқа да әскери бөлімдері қосылатын болады. Барлығының міндеті – спорттық емтиханды абыроймен тапсырып, дене дайындығының жоғары деңгейін көрсету.