Тараз қаласында жастардың есірткі заттарының зияны туралы кеңінен насихаттау және нашақорлықтың алдын алудың маңыздылығын көрсетуге бағытталған әлеуметтік эксперимент өтті. Ұйымдастырушылар — Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері, Жамбыл психикалық денсаулық орталығы және Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығы.
ТАРАЗ ЖАСТАРЫ ЕРЕКШЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКСПЕРИМЕНТ АЯСЫНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ТЕСТ ТАПСЫРДЫ
