. «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді. Түнгі уақытта Шу ауданы Тасөткел ауылының маңынан, жабайы қарасора өсетін аумақта күдікті қолға түсті.