19 Авг 2025, Вт

ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫҢ ОРДАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Бүгінгі қоғамда отбасы — мемлекеттің кішкентай бір бөлшегі. Оның тұтастығы мен беріктігі елдің болашағына тікелей әсер етеді. Алайда, қазіргі таңда ажырасу деген ұғым жиі естіліп, көптеген отбасылардың шаңырағын шайқалтуда. Бұл тек ерлі-зайыптылардың ғана емес, ең алдымен, балалардың тағдырына кері әсерін тигізетін өзекті мәселе.