18 Авг 2025, Пн

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАП ҚАЛУДА АНА МЕН БАЛА РӨЛІ

Қазіргі заманның жаһандану үрдісі мен технологиялық дамуы адамзаттың күнделікті өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізіп жатыр. Осындай өзгерістер кезінде ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және ең бастысы – отбасылық құндылықтарды сақтап қалу — аса маңызды мәселе. Бұл істе отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз рөлін атқарады, алайда ананың орны мен баланың тәрбиесі ерекше мәнге ие.