Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапары барысында жоспардан тыс Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданының бірқатар аулаларын аралап, тазалық жағдайымен танысты. Өңір басшысы қала әкімдігіне қоқыс шығаратын мекемелердің жұмысын тұрақты түрде ұйымдастыруды үйлестіруді ескертті. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға әрі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды.