19 Авг 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ: САЛАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Бүгін Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Туризм, сауда және қызмет көрсету саласы бойынша салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Негізгі талқылау тақырыбы өңірдің туристік саласын қолдау және дамыту болды. Кәсіпкерлер ағымдағы мәселелер туралы пікір алмасып, облыстың туристік тартымдылығын арттыру үшін жаңа тәсілдерді ұсынды.