Жамбыл облысының БАҚ өкілдері үшін Меркі ауданына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Журналистер бірқатар маңызды нысандарды аралап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысты. Аталған нысандардың ішінде журналисттер «Белсенді ұзақ өмір орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме, Меркі ірімшік зауыты, «Ұшқын» жастар денсаулық орталығы және қуатты гидроэлектр станциясының құрылыс барысымен танысты. Толығырақ алдағы сюжетте.