15 Авг 2025, Пт

ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТАЗАЛАҒЫНА ДЕН ҚОЙЫЛУДА

Жамбыл ауданында тарихи мұралар мен табиғи көрікті орындарды сақтау және оларды туризмге бейімдеу бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, биыл «Алмалы» демалыс орнына апаратын 7,5 шақырым,  «Таскөл» бағытына апаратын 2,8 шақырым автожол жөнделіп, пайдалануға берілді.