16 Авг 2025, Сб

АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІНЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі — ана мен бала өлімі. Бұл тек медициналық немесе әлеуметтік мәселе ғана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететін жағдай. Ана мен бала — ұлттың ұйытқысы, болашақтың тірегі. Сол себепті олардың амандығы, денсаулығы және әл-ауқаты – әр отбасы мен бүкіл қоғам үшін аса маңызды.