Жамбыл облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы – өңірдің маңызды мәдени орталықтарының бірі ретінде инклюзивті кітапхана қызметін дамытуда жаңашылдық танытып келеді. Мекеменің жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы брифингте кітапхана директорының орынбасары Толқын Күзенова баяндады.