12 Сен 2025, Пт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Жамбыл облысында жергілікті өндірушілер мен тұрғындар үшін маңызды оқиға – «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан 80-нен астам кәсіпкер қатысты. Көрме М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің бас корпусы ғимаратында өтті. Шараны Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ұйымдастырды.