27 Июл 2025, Вс

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ УЛАУ ҚҰРАЛЫ

Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпарат —ең қуатты құрал. Ол сана қалыптастырады, пікір тудырады, бағыт береді. Бірақ бұл қарудың қос жүзі бар: бір жағы — ақиқат пен ағартушылық болса, екінші жағы — жалған ақпарат, яғни фейк. Соңғы жылдары жалған мәліметтер таралуы бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті. Бұл тек бір елдің ғана емес, жаһандық қауіпке айналған құбылыс.