26 Июл 2025, Сб

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау деректерін анықтау, жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту. Шара аясында мобильдік топтар құрылып, олардың құрамына полиция қызметкерлері, көлік инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері және қоғам өкілдері кірді. Олар бірлесіп заң бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға бағытталған рейдтер жүргізуде.