27 Июл 2025, Вс

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӨТІНІШТЕР САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨСТІ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындыларына арналған брифинг өтті. Спикер ретінде департамент басшысы Еркін Елшібеков сөз сөйледі. Ол ведомствоның қызметі бойынша егжей-тегжейлі есеп ұсынды.