18 Июл 2025, Пт

ЕРІКТІ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ

Тараз – тарихы терең, болашағы жарқын қала. Бүгінгі таңда қала дамуында жастардың рөлі ерекше. Олардың бастамашылдығы, ізденімпаздығы және белсенділігі шаһардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өміріне тың серпін беруде. Жастар – қаланың ертеңі ғана емес, бүгінгі қозғаушы күші екенін дәлелдеп келеді.