17 Июл 2025, Чт

БҮГІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛУДЕ

Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жастардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды шара – «Кәсіби маман – 2025» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыруға және жастарды осы салаларға тартуға зор үлес қосты.