Тараз қаласында тағы бір маңызды мәдени нысан салынбақ. Жуырда мұнда қазақ мәдениетіндегі мәңгілік әрі кіршіксіз махаббаттың символына айналған Айша бибіге арналған еңселі мүсін орнатылады. Бұл бастама — өңірдің мәдени мұрасын байытуға және тарихи тұлғаларды ұлықтауға үлес қосып жүрген меценаттардың қолдауымен жүзеге асуда. Ескерткіштің нақты қай жерде орналасатыны мен соңғы бейнесі туралы мәселе қоғам арасында қызу талқылануда. Осы мақсатта «Көне Тараз» қоғамдық қоры дарынды мүсіншілер арасында ашық байқау ұйымдастырды. Жоба жайлы толығырақ — алдағы сюжетте.
МӘҢГІЛІК МАХАББАТТЫҢ СИМВОЛЫ: ТАРАЗДА АЙША БИБІГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ БОЙ КӨТЕРЕДІ
