15 Июл 2025, Вт

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Меркі ауданында ветеринария саласы мамандарының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов, сала ардагерлері мен мамандары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.