15 Июл 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАҢА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 қауіпсіздігі орташа мекемесінде жаңа тігін цехы іске қосылды. Цехтың ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, өңір прокуроры Нұрғалым Әбдіров, департамент басшылығы және жеке кәсіпкерлер қатысты. Өндірістік нысанның іске қосылуына жеке кәсіпкер Бауыржан Алматов ұйытқы болды.