11 Сен 2025, Чт

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР

Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған ауқымды Форум өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.