3 Июл 2025, Чт

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ ӨҢІРДЕ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Таразда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында «Балам, заңнан аттама!» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында ұйымдастырылды. Жиынға Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, құқық қорғау және білім саласының өкілдері, прокуратура мен сот ардагерлері, жастар ұйымдары мен қоғам белсенділері қатысты.