Мемлекет тарапынан әлеуметтік әлсіз топтарға, әсіресе мүгедектігі бар азаматтарға көрсетіліп жатқан көмектің нақты әрі тиімді үлгілерінің бірі – Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары. Бұл мекемелердің басты мақсаты – көмекке мұқтаж азаматтарға тек материалдық емес, психологиялық, медициналық және тұрмыстық қолдау көрсету арқылы олардың өмір сапасын арттыру.