Ордабасы ауданындағы «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – мүгедектігі бар азаматтар үшін өмірді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін ерекше кеңістік. Бұл мекеме тек әлеуметтік көмек көрсетумен шектелмейді. Мұнда адамдар өз уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысып, шығармашылықпен шұғылданып, өзіне деген сенімін қайта қалыптастырады.