3 Июл 2025, Чт

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ АРТТЫ

Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты әлеуметтік саясат қалыптасқан. Заң аясында бекітілген көмектер мен қызметтер жүйелі түрде халыққа жеткізіліп отыр. Әлеуметтік қызметтің бұл түрлерін аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйлестіреді.