Түлкібас ауданындағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы – бүгінгі таңда ата-аналар үшін де, балалар үшін де үлкен сенімге ие мекеме. Облыс көлемінде өз тиімділігімен көзге түсіп, көп баланың өміріне оң өзгеріс алып келген орталық осы күнге дейін ондаған жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.