3 Июл 2025, Чт

МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА СЕНІМ МЕН СЕРПІН БЕРЕТІН ОРТАЛЫҚ

Түлкібас ауданындағы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы – талай отбасына үміт сыйлаған мекен. Мұнда тек арнайы мамандар ғана емес, жан жылуын бере алатын жандар еңбек етеді. Әрбір баланың жағдайы ескеріліп, бағдарлама нақты диагнозға сай жасалады. Сәйкесінше даму процесі де нәтижелі болуда. Мұны ата-аналардың сөзі де, балалардың жетістігі де айқын дәлелдеп тұр.