3 Июл 2025, Чт

ШАПАҒАТ ОРТАЛЫҒЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КЕҢІСТІГІ

Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Соның нақты көрінісі — Темірлан елді мекенінде орналасқан «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл орталық — мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы бейімделген мекеме. Мұнда түрлі жастағы азаматтар өз уақыты мен күш-жігерін тиімді бағыттап, қоғаммен байланысын үзбей, белсенді өмір сүруге мүмкіндік алады.