3 Июл 2025, Чт

«ЖОЛ БЕЛГІСІЗ — ҚАУІППЕН БЕТПЕ-БЕТ: ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІН КІМ ЕСТИДІ?»

Жол қауіпсіздігі – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, балалар көп жүретін аулалардағы жылдамдықты шектеу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету – басты талап. Алайда, Тараз қаласы көшелерінің бірінде тұрғындар бір жылдан астам уақыт бойы жол белгілерінің жоқтығынан зардап шегіп келеді. Бұл мәселе бірнеше рет жол-көлік оқиғаларына себеп болып, халықтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіруде.