1 Июл 2025, Вт

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Тараздағы «Mart» сауда орталығында ірі өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – шартты өрт туындаған жағдайда барлық жедел қызметтер мен ойын-сауық орталығы қызметкерлерінің  іс-қимылдарын пысықтау болды.