Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін толық орындауын қадағалау мақсатында камералдық бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Оның ішінде табысты төмендету, жұмысшылар санын дұрыс көрсетпеу, банктік шот арқылы жасалған операциялар бойынша соманы көрсетпеу негізге алынды. Айта кетейік осы фактілер анықталған жағдайда, салық төлеушілерге арнайы хабарламалар жолданады.