28 Июн 2025, Сб

АРМАНҒА СЕРПІН БЕРГЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ

Түлкібас ауданында мүгедектігі бар жандар өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанған тұрғындар енді өз армандарын іске асыруға кірісті. Жеңімпаздар қатарында сұлулық салонын ашқысы келетіндер де, мал шаруашылығын қолға алатындар да бар. Мемлекет қолдауы өмірдің қиындықтарына қарамай, алға ұмтылған жандарға сенім сыйлады.